«Даттың» дәлелсіз даттауы дұрыс па?

15 пікір

     Қаражорға айналасындағы қақтығыс көпшілікке қай жағынан болмасын қозғау салуда. Бәріне аян, даудың басы  Берік Сұлтановтың «Шындық» порталына жариялаған мақаласынан басталды. Іле Өркеннің өрнегінде бұл мәселеге орай жауап қайырылды. «Ана тілі» газетінің 3-ші желтоқсандағы санынан да Қаражорғаға қатысты мақаланы көзіміз шалды. Осы тақырыптың көтерілуі мұң екен, жан жақтан «Қаражорға» бәйгесіне, дұрысы ой додасына қосылмақ сәйгүліктер көбейді. Әрқайсының өзіндік тұжырымы бар. Дұрыс-ақ делік. Бұл жағынан кей мемлекеттермен салыстырғанда біздің елде еркін ойлауға, пікірің жеткізуге құқық берілген. Бірақ, «Қаражорғаны» желеу етіп, дәлелденбеген күмәнді пікірін оқырманға танып жатқан кей журналистерге қалай қарауға болады? Мәселен, «Дат» газетінің 1 желтоқсан,  2010 жылғы №43(80) санында Мәди Керімсалдың «Қара жорға биіне кімдер көз алартуда» атты мақаласы жарық көрді. More

Қазыналы қаласы бұл қазақтың…

Пікір қалдыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір жер бар Қазақстан даласында,

Құрбыжан, апарайын барасың ба?

Арқаға Алатаудан ақ иықтай,

Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба?

(Қасым Аманжолов)

Сөз басы

Жырласа әнге, шерткенде күйге ұласқан Сарыарқаның сыры мен көркіңе бас имеген адамзат кемде-кем. Арқа дегенде алдымен көз алдымызға не келеді? Асанқайғы жерұйық деп тапқан, Абылайды ақ киізге көтеріп хан сайлаған, барлық үш жүздің басын қосқан көне тарихтың куәсі қарт Ұлытау ма? Аты аңызға айналған Алашахан, Жошыхан, Едіге батырдай алыптардың бүгінге жетіп сақталған мазарлары сол күндердің айғағындай. «Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» деген аталы сөз де Ұлытаудың шоқтығын танытады. More

20 November, 2010 07:57

3 пікір

Асхат Еркiмбайдың Блогтық журналистика сабағында

Ұлттық аспап-ұлт жаны

1 пікір

Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ. Ол жазылмаған заңдылық. Бабаларымыздың жүріп өткен жолдары, сол уақыттағы тынысын білу өзіңнің тамырыңды тану. Өткен күннен сыр шертетін тарих болса, оны көз алдына келтіретін  мұражайларда сақталған баға жетпес жәдігерлеріміз. Көптен бері ойда жүрген жоспардың сәті бүгін түсіп, Арман Әубәкірдің ұйымдастыруымен, «Адырналықтар» Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайын көріп  қайттық. Ортамызға сонымен қатар басқа оқу орындарының өнерпаздары қосылды. Ал, сонымен экскурсиямызды бастайық. More

Әмірхан Балқыбек қонақта(фоторепортаж)

3 пікір

-«Айта берейін бе?»-деп бізге күлімдей қарайды.

– «Айтыңыз! Тағы бір өлең оқысаңыз»-деп жан жақтан шу етеді студенттер.

Бір жарым сағат баса алмады көңілді-өлеңге ынтық. Бір жарым сағатта Әмірхан ағадан алған көзге көрінбес, қолға ұстатпас қуаты бойға ерекше күйді сыйлады. (Әсіре мақтаудан аулақпын. Тереңдікке жетелер әңгімелерінен беймәлім келген кей жайттарға қанықтық.

Әлқисса, бізге қолайлы уақытпен ақын, әдебиеттанушы Әмірхан Балқыбек ағамыздың демалысы сәйкес келіп жақында жүздесу өткіздік. More

Біз білмейтін бүгінгінің батыры

Пікір қалдыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр елдің қашан да болса өзіңе жарасқан айыр тілді шешені, ел бастайтын көсемі, данасы, ақыны, күйшісі, батыры болары һақ. Оларды халық тудырып, заманы жүйрік аттай жаратып, жетілдіреді. Тұлғалы ұлдарының үлгісіне қарап, халық өзінің жаңа қаһармандарын жасайды. Сондай дараланған тұлғалардың жүріп өткен жолындағы күресін, арманына жетудегі мақсатымен ұштасқан төзімділік секілді қасиеттерің үлгі етіп біліп жүру, бізге ләзім болар.  Әңгіменің төркініне әріден жол тартсақ. More

Жоламан Құжиманов қонақта

1 пікір

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың  музыкалық саласының бір тармағын құрайды.  Ән сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығару да адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Осы күнге дейін музыкалық тәжірибесі мол құлағымыздың өзі, жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен халық әнінің тақырыбы естіле қалса біраз уақыттан бері көрмеген, кездеспеген бір досыңның төбесі көрінгендей болады. Өйткені сол ән тақырыбы есіңе сан алуан оқиғаларды түсіреді. Өйткені ол ән көркемөнер жасаймын деген алдын ала сызылған жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің, табиғаттың өз туындысы. Халық әндерінің үлкен қазына екендігі де сол қасиетінде.  Дәстүрлі әннің құдіреті, алатын орны, маңызы жайында  өз ойымен бөлісіп, пікірлесуге дәстүрлі халық әндерінің орындаушысы Жоламан Құжимановты өткен жұмада «Адырнаға » қонаққа шақырдық. More

«ФАРАБИ САЗЫ» оркестрі

Пікір қалдыру

Шеберлер ауылында өткен жарты күн

5 пікір

Жексенбінің жайдары күнінде «Адырналықтар»  мен «Жас қаламгер» студенттері бірігіп, Арман Әубәкір бас болып, Алмарасандағы Шеберлер ауылы атанған қолөнердің нағыз қайнаған ортасына қонаққа бардық. Жай барып қана келмей, өзіміз осы уақытқа дейін білмеген ұлттық өнеріміздің біраз қыр-сырына қанығып қайттық. More

Юля КОЖОМИНА: Ұлттың дұрыс қалыптасуы тілінен басталады

2 пікір

Юля Кожоминамен таяуда ғана танысқан едік. Сүлеймен Демирел атындағы университетте өткен дебатты тамашалауға барғанда, кешті қазақша жүргізген орыс қызының талабына тәнті болдық. Ал қолына домбыра ұстап, күй шерткенде тіпті разы болғанбыз. Қазір ол осы университеттің журналистика факультетінің І курс студенті. Бір қызығы, мектепте ол орыс сыныбында оқыған, жоғары оқу орнына келгенде, қазақ тобын таңдапты. Осының сырын білмекке Юляны әңгімеге тартқан едік. More

Older Entries Newer Entries