Жексенбінің жайдары күнінде «Адырналықтар»  мен «Жас қаламгер» студенттері бірігіп, Арман Әубәкір бас болып, Алмарасандағы Шеберлер ауылы атанған қолөнердің нағыз қайнаған ортасына қонаққа бардық. Жай барып қана келмей, өзіміз осы уақытқа дейін білмеген ұлттық өнеріміздің біраз қыр-сырына қанығып қайттық. Тау бөктерінде орналасқан шағын ғана ауыл, бір қарағанда көңіл аудармауы да мүмкін. Бұл тек сырттай көз салғандағы әсер. Ал, ішіне кірсеңіз басқа әлемге қадам басқаныңызды түсінесіз. Сенсеңіз, осы жердегі  100%  тұрғындардың 80% -ы қолөнер шеберлері .

Мұхтар Наурызбаев есімі қолөнердің қадірің түсінетін, тұтынатын еліміздегі адамдарға кеңінен танымал. Алғашқы Шеберлер ауылында ашқан есігіміз осы кісінің шеберханасы болды. Домбыра, қобыз, тағы да басқа бұйымдардың жасалу технологиясы жайында, аз-маз құпиялары турасында өз ойларымен бөлісті.

ЖӘНЕ

Ұтымды әзілдермен, әңгімесін тұздықтай отырып қалжыңдауды да ұмытпады.

Адамның төзімі мен ептілігі, осы іске деген ерекше ынтасын қажет ететін зергерлік өнері көптің бәріне бұйырмаған сый. Жайшылықта, тек ЦУМ, РАМСТОРЛАРДАғы сөрелерге көзімізді сүзіп қана өтетін жауһарларды қолмен ұстап көруге, күнде келе бермес мүмкіндік тиді.

Сырға, шолпы, жүзіктердің қайсында болсын бейнеленген оюлардың  білдіретін белгісі, мағынасы бар. Көзіміздің жеткені, бұл ауылдағы  зергерлер  өз ісінің шебері ғана емес,  сонымен қатар қаймағы бұзылмаған ұлттық таным, түсініктің иелері.

Секен Нұрғалиев есімді қай бұйымның болмасын, кәсіби маманына айналған шеберге үкіметтен де тікелей тапсырыстар түседі екен. Ресей, Қытай т.б. біршама елдерге осы кісінің қолынан шыққан біршама заттар жөнелтіліпті. Еліміздің шоу-бизнес, эстрадағы жұлдыздарымыз да  Серік Нұрғалиевті айналып өтпейді.

Ұлттық бұйымдарға экспонат ретінде ғана қарамайық. ..

БЕЙРЕСМИ СӘТТЕР

P.S.  Қызықтың бастысы әрі қарай киіз үйде жалғасып еді. Буы бұрқыраған самаурыннан шай ішіп, жыр-терме айтып, күй шалып мәре-сәре болдық та қалдық. Көкейге қонар көп түйткілді мәселелер де, ұйытар әңгімелер де айтылды. Әттең, соның бәрін түсіріп алатын фотоаппаратымның қуаты бітіп қалды. Сондықтан, ары қарай өздеріңіз  көз алдарыңызға елестетерсіздер:-)