Қайтсек, дауысымыз жетеді? (көмек қажет)

5 пікір

Алматы қаласындағы Түрксіб ауданына қарасты Жұлдыз ықшам ауданынан ҚазҰУ-ға(әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне ) қатынайтын студенттер мен оқытушылар жақында өзгерген автобус маршрутына наразы. Екі автобуспен келуге мәжбүр. Осыған дейін бекітілген №51 автобусын Жұлдыз-ҚазҰУ бағытынан алып тастапты. More

Қазақтың қаны

Пікір қалдыру

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде жақында құрылған  «Мұзбалақ» ақындар клубының жетекшісі Бауыржан Әлқожаның ұйымдастыруымен, кеше 22-ші ақпанда ақын Серік Сейітманмен кездесу өтті. Көпшілікке «Қырсық қызға қолтаңбасымен» танымал ақынның жақында жарық көрген «Қазақтың қаны» жыр жинағы біздің де табалдырығымыздан аттап, төрімізге шықты. Бұл кітап жайында Құнды ойлардан толығырақ оқи аласыздар.

Ақынның жан дүниесін, жеткізбек ой, ішкі толғаныс, жүрек үнін тек өлеңдері ғана жеткізеді. More

Биіктіктің белі болмайды – тереңдіктің түбі болмайды…

Пікір қалдыру


Адамның арманы таусылмайды. Тіршіліктің заңы солай. Жаратқанның үкімі солай. Әгәрдәкім, суреткер болсаң – тылсымның азабына сүңгіп кетесің. Ойдың тұңғиығынан тіріңде қашып құтылуды ұмытсаң да болады. Ал, қиялдың самғауы – жүрек-жүйкеңді шұрқыратып, зәуде, жаныңды қоярға жер таппайсың…

Адамдардың пендешілік қылықтарын, өмірдің біртұтам қысқалығын, жүректің тым-тым нәзік те әлсіздігін, жақсылық жасаудың рақатын, бөгде біреуді қуантудың ләззәтын… бәр-бәрін, түп-тұқиянымен әлемге айқара ашып, жайып салғың-ақ келеді… More

Әшірбек СЫҒАЙ: Қайсыбірін айтарсыз…

Пікір қалдыру

Жиырма жыл… Тәуелсіздік дәуірі… Өткенімізді, жеткенімізді түгелдер кезең, әлбетте. Ең бастысы сөз бостандығы, ой азаттығы салтанат құрған сыңайлы. Бұрынғыдай бүгежектеп, күбірлеп-сыбырлап, күңкілдеп-күмілжімей пиғылымызды ашық білдіретін жағдайға иек арттық. Әлеуметтік, экономикалық тұрғыдағы ахуалдарымыз да біршама түзеліп, ұлтымыздың саны артып, ел-жұртымыз есін жинап келе жатқандай.  More

Сандырақтаған сатқын сазайын тартпай ма?

1 пікір


«Біз халық емес, тобырмыз» деп жар салған қазақты көрдіңіз бе? 20 қаңтардағы «Время» газетіне «Мы не народ, а толпа» деген атаумен Қанат Қабдрахмановтың кезекті сандырағы жарық көрді. Кезекті дейтінім, бұған дейін де ол осы газетке берген сұхбатында «Ұлтты қалыптастырудағы басты тапсырмаларды орыстілді қазақтар шешетін болады» деген сияқты шаршаған сиырдың тезегіндей тексіз ойларымен бөліскен. Ол жайында Өркеннің өрнегінде «Ит аузына ағаш тығу» атты жазбасынан таныс боларсыздар. More

Өнер, білім – жоқ жұрттар..

3 пікір


Тәуелсіз Қазақ елі жиырма жылын артқа тастады. Бірақ, ана тіліміздің, ұлттық рухымыздың, шынайы тарихымыздың тәуелсіздігі үшін күрес саябырсыр емес.
«Барыс болам» деп байбалам салған басшылар, түптеп келгенде, нақты қандай барыс болғысы келетіндігін зерделей алмай әлек. Барыс – аса тақуа һәм тәкәппар жануар. Барыс – қорегі халал, рухы биік жаратылыс иесі.
Жүрегі әлсіз (ділі), рухы нәрсіз (діні), қайраты қауқарсыз (ұлттық салт-санасы), азуы аңқиған (ана тілі), құлағы қалқиған (білім-білігі) барыс болмайды, мұнымыз мықтағанда мысық қана…
Ал, мысықтық мысықтілеумен алысқа ұзамайсың. Еліміз егемендік алған 20 жылдың ішінде білім және ғылым саласының 12 министрі ауысыпты. Әрбір бір жарым жылда министрі өзгерген білім министрінің орынтағы – көлденең көк аттының аздап аялдайтын аялдамасы іспетті. Тіпті, министрліктің атының өзі сегіз рет өзгеріске ұшырады. Алғашқыда денсаулықпен, кейін мәдениетпен, сосын, спортпен, тіпті, туризммен де қосақталды. Өзгерген ештеңе жоқ… More

Ұлытауға бардың ба?

2 пікір

Жаңа жылмен жарыса, алып-ұшып ауылыма күнтізбедегі жыл ауысуға жеті сағат қалғанда үлгеріп жеттім. Жарты жыл бойы көрмеген жақындарымды, бұлағынан суын ішпегелі көп болған Ұлытауымды сағынып қалыппын… More

Older Entries