«БҰРЫМЫМ-МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ…»

5 пікір

Оларға бір сәтке болсын көз қиығың таңдана, бәлкім тамсана тастамайтын адам кемде-кем. Өз орталарыңда да оларды бір нәрсе ерекшелеп, еріксіз құрметіңді жаулап алады. Көрік, сұлулық деген ұғымдарды соларға қарап танығандайсың. Себебі, олар- бұрымды арулар. More

Қымбат Әбілдақызы қонақта (фоторепортаж)

10 пікір

«Қызық болды!», «Ғажап!», «Бүгінгі алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаспын!» деген секілді жан-жақтан әртүрлі дауыстар шығып жатты.  Осы кездесуден кейін.

«Айгөлек» журналын оқитын барша бүлдіршіндердің анасы атанған, бір бойыңа ерлік те, өрлік те, ешкімге ұқсамайтын дара мінезі жинақталған Қымбат Әбілдақызын танымайтын адам кемде-кем. Әсіресе, ол кісінің қазақтық рухы, қай жерде болмасын айтқан жігерлі сөздері «Әй, бәрекелді!» деген сүйсініс тудырады. Қазанның 8-ші жұлдызында «Адырна» клубы «Жастардың болашаққа алған бағыты қандай? » тақырыбында Қымбат Әбілдақызын қонаққа шақырдық. More

«Өтіп дәурен бара жатыр…»

1 пікір

Көк-Төбеде көрген қазақи қызықтар

4 пікір


Өткен демалыс күні «Адырналықтар» Көк-Төбеде естен кетпестей қыдырып қайттық. Бұл жолғы көңіл көтеруіміздің де өзі ерекше сипатта болды. Олай дейтінім, біз талқылап, насихаттап жүрген ұлттық ойындарымыз, құндылықтарымызды осы жолы теория түрінде емес,  практика күйінде басымыздан кештік.  More

Кеше.Бүгін.Ертең…(дөңгелек үстел)

Пікір қалдыру

Біз кеше қандай болдық, бүгін қандай күйдеміз, ертең не болмақ? Осы тақырып аясында айтылған ойға көз жүгіртіп, өзіңіз де пікіріңізді қосыңыз. More

Күнделік4

1 пікір

01.10.10

  Қазанның алғашқы күнімен, бүгінде біздің клубқа алғаш келіп тұрған жаңа мүшелер қосылды. More

Бұрымды қыз

Пікір қалдыру

Диктор дауысты кондуктор…(2009 жылғы естелік)

7 пікір

Алматы… Білім қуып, оқу-тоқуға талпынған қаншама жастардың арман, үміт қаласы. Биыл да Алатаудың баурайындағы әсем шаһар студенттердің жаңа толқынын сынай да сыпайы қабыл алды. Мен де солардың бірімін. Әсіресе, таулы өлкеде өсіп, бұла еркіндіктің дәмін татқан маған мегаполистегі көлік кептелісіне, у да шу, ию да қию  тосын тіршілігіне сіңісіп кету басында оңайға соқпады. Жасыл желекке оранған университет қалашығына қатынайтын автобусқа уақытында үлгеру үшін де көпшілік мойын ұсынған тәртіпке бағынуға тура келеді. Автобус демекші, менің аялдамада ерекше тағатсыздана күтетін  105-ші маршрутты көлігім бар. Олай етуге себеп болған алғашқы студенттік күнімде  кез болған ерекше оқиға еді. More

Тарихын ұмытқан ел- жоғалған ұлтпен тең

2 пікір

Жер бетінде өмір кешкен, кешетін сан мыңдаған халықтар сияқты қазақ халқының да өзіне тән даму қалыптасу тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайды. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді. Бабаларымыз білектің күші, найзаның ұшымен қасық қандары қалғанша жауына бермей қорғаған ұлан-байтақ жерімізде, тәуелсіздік орнаған бүгінгі заман өзінің өткенін, шыққан тамырын жаңғыртып, ескерудің орнына,  күн сайын балталап құрдымға жіберіп жатқандай. More

Қайыр сұраумен өткен бір күнім…

7 пікір

Әрбір пенде – менмен. Өз жайын өзгелерден жоғары қояды. Өзгенің жайына келгенде, әй, түсіне бермейміз-ау… Басқа тигенде бір-ақ ұғынамыз. Қоғамда әлеуметтік топтар тым көп. Бірі кәсіпкер, бірі қарапайым жұмысшы, енді бірі күнделікті ас-суын садақа тілеумен айырып жүрген жандар. Әрбірінің өз өмірі, тағдыры бар, оларға үңіле алып жүрміз бе? Қайыршы өмірінің бізге беймәлім қалтарыстарын түйсініп қайту үшін «алақан жайып» Алматыны қайыршы болып аралап кеттім, қолыма домбыра ұстап. Төменде – мен салған қайыршы өмірінің «әлеуметтік картинасы»… More

Older Entries Newer Entries