-«Айта берейін бе?»-деп бізге күлімдей қарайды.

– «Айтыңыз! Тағы бір өлең оқысаңыз»-деп жан жақтан шу етеді студенттер.

Бір жарым сағат баса алмады көңілді-өлеңге ынтық. Бір жарым сағатта Әмірхан ағадан алған көзге көрінбес, қолға ұстатпас қуаты бойға ерекше күйді сыйлады. (Әсіре мақтаудан аулақпын. Тереңдікке жетелер әңгімелерінен беймәлім келген кей жайттарға қанықтық.

Әлқисса, бізге қолайлы уақытпен ақын, әдебиеттанушы Әмірхан Балқыбек ағамыздың демалысы сәйкес келіп жақында жүздесу өткіздік.


Әмірхан Балқыбек: Бабалар ырымы бойынша тілі шығуы кешеуілдей бастаған сәбиге итаяқтан су ішкізеді екен. Сондай жағдай менің басымда қайталаныпты.

Жұтаңдаумын, демен бірақ жарлымын,

Баба ырымы, әлегі емес жарғының.

Қызыл тілді сөзге иілту үшін де,

Итаяқтан суды да ішкен бар күнім.

Итаяқтан суды да ішкем, сөкпегін,

Айыптарға өзге күнәм көп менің.

Ырзығымды табам қазір еңбекпен,

Тілді бірақ иемдендім теп-тегін.

Итаяқтан суды да ішкен бар шағым,

Кез емес-ті ол көңіл күпті, арса мұң.

Сен шаршадың сәнді қуып, мен байғұс,

Баба-ырымға баға таппай шаршадым.

Итаяқтан суды да ішкем, Бабаның

Ырымына мінезі жат қаланың

Көшесінде көп – көрікті қызбен де,

Қызып кетсем ырылдасып қаламын.

Осы болды-ау замананың өлеңі,

Көп болған соң көр сезімі, көбеңі.

Исі тілге илікпеген тілдерге,

Итаяқпен тамақ бергім келеді,

Құдай сақтасын.

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

Әмірхан Балқыбек 1969 жылы 19 мамырда Жетісай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда туған. 1986 жылы Шардара каласындағві М. Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. 1987-89 жылдары әскерде болды.
Әскерден оралған соң Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші болды. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетіне окуға түседі. Университетті 1995 жылы аякқайды.
1995-2000 жылдары республикалық «Парасат», «Жас алаш», «Ана тілі» басылымдарында қызмет атқарды. Қазір республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде мәдениет саясаты бөлімінің меңгерушісі.
Әмірхан Балқыбек Казақстан Жазушылар одағының мүшесі. Әдебиет саласы бойынша екі рет Президент стипендиясын иемденген. «Метамарфоза», «Қасқыр құдай болған кез»деген  секілді кітаптары бар.